Новости

ІІМ ескертеді: Конституция жобасы туралы жалған ақпарат таратқандар жауапкершілікке тартылады

Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған әрі арандатушылық сипаттағы ақпараттың таралу деректері көбейгенін мәлімдеді, деп хабарлайды novoetv.kz.

Ведомствоның мәліметінше, қоғамдық кеңістікте фактілер әдейі бұрмаланып, жалған мәліметтер таратылуда. Оның ішінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасына қатысты ақпараттар да бар. Мұндай әрекеттер азаматтарды жаңылыстырып, қоғамдық ахуалдың тұрақсыздану қаупін тудыруы мүмкін.

Мәселен, Алматы қаласының тұрғыны интернетте Конституцияның жаңа жобасында жерді шетелдіктерге сатуға тыйым алынды деген жалған ақпарат таратқан. Алайда ІІМ департаментінің бастығы — ведомствоның ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің айтуынша, бұл мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді және Дезинформациямен күрес орталығы тарапынан ресми түрде жоққа шығарылған. Нәтижесінде азамат жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Осыған ұқсас жағдай Абай облысында да тіркелді. Семей қаласының тұрғыны түзетулер мемлекеттің унитарлы сипаты мен аумақтық тұтастығына күмән келтіреді деген жалған мәлімет жариялағаны үшін жауапқа тартылды. ІІМ-де аталған қағидаттар, керісінше, жаңа Конституция жобасында нақты бекітіліп, күшейтілгені атап өтілді.

Ведомство Конституция жобасын талқылау, сондай-ақ азаматтардың өз пікірлері мен ұстанымдарын білдіруі заң бұзушылық болып саналмайтынын еске салды. Жауапкершілік тек қасақана жалған ақпарат тарату мен фактілерді бұрмалау үшін көзделген. Құқық қорғау органдары қоғамды адастыруға және тұрақтылықты шайқалтуға бағытталған өзге де жалған ақпарат тарату деректерін анықтауды жалғастыруда.

«Ішкі істер министрлігі Конституция жобасын талқылау, азаматтардың өз пікірлері мен ұстанымдарын білдіруі заң бұзушылыққа жатпайтынын еске салады. Жауапкершілік тек қана көрінеу жалған ақпарат тарату және фактілерді әдейі бұрмалау үшін көзделген. Қазіргі уақытта азаматтарды жаңылыстыруға және қоғамдық ахуалды тұрақсыздандыруға бағытталған өзге де жалған ақпарат тарату фактілері анықталуда. Біз азаматтарды сын тұрғысынан ойлауға, арандатуға ермеуге және тек ресми әрі тексерілген ақпарат көздеріне сүйенуге шақырамыз. Ішкі істер министрлігі жағдайды толық бақылауда ұстап отыр және кез келген тұрақсыздандыру әрекеттерін қатаң ден қояды», — деп атап өтті Шыңғыс Алекешев.

Сондай-ақ ІІМ өкілдері қасақана жалған ақпарат тарату мен арандатушылық әрекеттер, себептеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкелетінін мәлімдеді. Заң мен тәртіп — басты құндылық.

Статьи по теме

Back to top button