
«Идеяңыз бар ма? Қолдау бізден!» — Қарағанды облысында жастарға арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттары жарияланды.
Қарағанды облысы әкімінің «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттары бірнеше жылдан бері жастардың жаңа идеялары мен шығармашылық бастамаларын қолдау мақсатында беріледі. Биыл грантқа өтінім қабылдау 27 қазаннан басталып, 15 қарашаға дейін жалғасады.
Жастар саясаты басқармасы белсенді жастарды жаңа жобаларын қаржылай қолдауға шақырады: «Сізден идея – бізден қолдау! Өңірлік грантты ұтып, өз идеяңызды нақты жобаға айналдырыңыз.»
Гранттар 6 бағыт бойынша беріледі:
-
Ғылым — зерттеу және жаңа жобалар;
-
Мәдениет — қазақ өнері мен дәстүрін сақтау;
-
Ақпараттық технологиялар — IT-стартаптар;
-
Бизнес — кәсіпкерлік идеялар;
-
Медиа — жастарға арналған сапалы контент;
-
Волонтёрлік — әлеуметтік бағыттағы жобалар.
Қатысуға Қарағанды облысында тұратын 14-34 жас аралығындағы жастар шақырылады.
Өткен жылы 25 жобаға әрқайсысы 2 млн теңгеден грант берілді. Биыл да жалпы 50 млн теңге көлемінде қолдау көрсетіледі.
Толығырақ ақпаратты adilet.zan.kz сайтынан немесе Telegram-дегі t.me/grants09 арнасынан оқуға болады.
Сұрақтар бойынша +7-701-377-42-11 және +7-700-526-28-88 (WhatsApp, Telegram) нөмірлеріне хабарласуға болады. Жұмыс уақыты: дүйсенбі–жұма, 09:00-18:30.
Қосымша мәліметтерді Instagramдағы @saryarqa_jastary парақшасынан алуға болады.
