Ұлттық тестілеу орталығы білім гранты конкурсында жеңілдетілген санаттарға бөлінген квотаның үлесін жариялады.
2022 жылғы квота мөлшері:
— жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар үшін – 1%;
— I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар үшін – 1%;
— жеңілдігі мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін – 0,5%;
— ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ талапкерлерге (қандастар) – 4%;
— кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасы балалары үшін – 5%;
— кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардағы балалар үшін – 1%;
— бала кезінен мүгедек балаларды, І, ІІ топтағы мүгедектерді тәрбиелеп отырған отбасылардың балалары үшін – 1%.
Жеңілдігі бар оқуға түсушілер керек анықтаманы құзыретті органдардан алады.
— Ауыл квотасы – 35%.
– Айта кетейік, ауыл квотасы үшін анықтама алудың қажеті жоқ. Егер Сіз ауылдық жерде орналасқан мектепті бітірсеңіз, ақпарат базада болады. Қосымша мәселелерді ЖОО-лардың қабылдау комиссиясынан сұрап білуге болады, – дейді орталықтан.