Хабар

Грантқа түсе алмаған түлектер білім беру кредитін пайдалана алады

Биыл грантқа түсе алмаған түлектер қаржы жағынан қиналса, білім беру кредиттерін пайдалана алады
Биыл грантқа түсе алмаған түлектер қаржы жағынан қиналса, білім беру кредиттерін пайдалана алады, деп хабарлайды BNews.kz.  

2016 жылы білім грантына ие бола алмаған талапкерлер оқу ақысын төлей алмаған жағдайда Білім беру кредиттерін кепілдендірудің мемлекеттік бағдарламасына жүгініп, жылдық 10%-дан басталатын пайыздық мөлшерлемемен 12 жылға дейінгі мерзімге ҚР Білім және ғылым министрлігі «Қаржы орталығы» АҚ-ның кепілдігімен несие ресімдей алады. 
Білім беру кредиттері талапкерлерге де, ЖОО және колледж студенттеріне де беріледі.
Қазіргі таңда білім беру кредиттері Қаржы орталығымен серіктес банктерде әр түрлі шартпен ұсынылады. Бағдарламаның қолданылу ауқымы кең, серіктес банктер еліміздің барлық аймағында жұмыс істейді. Кредиттің берілу механизмі бірдей: қарыз алушы банкке барып кеңес алады, ресімдеуге қажетті құжаттарды жинап, банкке тапсырады.
Білім беру кредиті қажеттілікке қарай әр семестр немесе жыл сайын оқу орнының есепшотына аударылады.
Алайда Қаржы орталығының кепілдігімен білім беру кредитін алу үшін бір немесе екі қосалқы қарыз алушы болуы тиіс. Бұл жерде қосалқы қарыз алушының төлем қабілетті, яғни негізгі жұмыс орны бойынша алатын табысы ескеріледі.
Кредиттің сомасына шектеу қойылмайды, бастысы барлық оқу кезеңі үшін оқу құнынан аспаса болғаны.
Ерекше атап кетерлігі, бұл бағдарламада жеңілдікті кезең беріледі, яғни оқу кезеңі мен оқуды бітіргеннен кейін 6 айға кредитті төлеу мерзімі кейінге шегеріледі. Кредитті кез келген уақытта мерзімінен бұрын өтеуге болады, ол үшін айыппұл санкциялары қолданылмайды.
Білім беру кредиттерін кепілдендірудің мемлекеттік бағдарламасы арқасында студент өз күшімен өз болашағын жоспарлай алады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button