
Гүльзамира Алибекова: Балалардың шығармашылығына жол ашқан “Еркетай” радиосының негізін қалаушы
Өзіңізді таныстырып өткенде музыка саласын таңдағаныңызды айтып қалдыңыз. Музыка саласын таңдағанынызға не себеп болды?
– Бұл менің бала кездегі арманым. Мектеп кезінен тек сахналарда ғана жүретінмін. Үлкен өмірге қадам басар кезде тек осы музыка саласын ғана өзіме лайық көрдім. Қазір осы саланы таңдағаныма өкінбеймін. Сүйікті мамандығым болғандықтан, әр жұмысымды сәтті ақтаймын. Әрине, басқа салаларды да көрдім. Бірақ, музыка саласын тастаған жоқпын.
Өнер адамдары тұоақсыз болады деуші еді. Алайда, сізге бұл сөз әсер етпейтін секілді. Бұл қалай?
– Тұрақтылық менің табиғатыма сай қасиет. Өзім тек бір жерді ғана көріп өскендіктен, сол жерде ғана қалуды таңдадым. Өнер адамы болсам да той тойлап, той сахнасына шығып көрмеппін. Өнердің байсалды тұлғасы атандым.
Өнерде жүрген жастарға тұрақты болу үшін қандай кеңес бересіз?
– Өнер адамы болу оңай емес. Әртүрлі көз қызығатын дүниелер болатыны анық. Сондықтан, тек өзіне ғана сеніп,өзінді ойлау керек. Өз қалауларыңды ғана істендер. Мейлінше, жаман әдеттерден сақтанып, жақсы әдетке қарай бет бұрындар.
«Еркетай» радиосын ашу туралы ой қайдан келді және неліктен осы радионы ашуға бел будыңыз?
– Бізде қазір балабақшамызда «Еркетай» радиотолқыны бар. Ол бірден ойға келген жоқ. Ашу туралы көптен бері армандап, ойлайтынмын. Бала тілі бал ғой, әр сөзі тәтті шырын секілді. Осы тәтті сөздермен неге радио ашпасқа деп ойладым. Сол бастамамен жоба ретінде осы радиотолқынын аштық. 8 наурыз Аналар күнінде тұсауы кесілді. Көбінесе көмек беретін қазақ тілі мұғалімдері. Балалардан сұқбат алатын сол мамандар. Баланың сөйлеуін, алған әсерін кішкене бөлігіне дейін қарап отырамын. Сондықтан, осы ойды жүзеге асырғаныма қуаныштымын!
Осы радиода балаларының сұқбатына ата-ананың көзқарасы қандай?
– Енді мен ойлаймын, ата-аналардан жаман көзқарас болмайды. Балаларын көрген кезде қатты қуанады. Түрлі әлеуметтік желілерге салған кезде ата-аналар жақсы пікірлер жазады. Баласының әр жетістігін көрген ата-ана қатты қуанатыны сөзсіз. Сондықтан, қолдамаса қарсы емес.
Қысылатын балалар болады, сөйлей алмайтын балалар болады. Ол балаларға қандай қолдау көрсетесіздер?
– Иә ондай сәттер болады. Мұндай сәттерде біз балаларға түрлі қызықты сұрақтар қоямыз. Олар өздеріне жақын мұғалімдердің жанында өздерін жеңіл сезінеді. Біз сырттан қиын сұрақтар емес өзіне байланысты сұрақтар қоямыз. Бслалардың алған әсерін көп көрсетуге тырысамыз.
Осы радионың мақсаты қандай және демеушісі кім?
– Демеушісі өзім. «Еркетай» радиотолқының мақсаты, балалардың шығармашылыққа деген ұмтылысы мен бейімін арттыру. Мәдениет пен білімді байланыстыра білетін, тәрбиелі тұлға тәрбиелеу. Сонымен қатар, балалардың сөйлеу қабілетін жақсарту және ақпаратты дұрыс қабылдай білуіне жағдай жасау. Идеяны барлығын өзім ойлап табамын. Қазір біз жоспар бойынша жұмыс істейміз.
Сұқбаттың уақыты қанша?
– Сұқбаттың уақыты әртүрлі. Балабақшамызда 20-30 бала оқиды. Көбінесе, 20 минут уақытты алады. Барынша, барлық баламен жұмыс істеуге тырысамыз.