Воскресенье, 18.04.2021

Футбол: «Шахтер» командасына бас бапкер тағайындалды

Танымал футболшы Әли Әлиев Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсететін Қарағандының «Шахтер» клубының бас бапкері болып тағайындалды.

Мәлім болғандай, ол жаңа қызметінде клубтың алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізген.

Әли Әлиев 1980 жылдың 27 қазанында Алматы қаласында дүниеге келген. 1998-2006 жылдар аралығында Алматының «Қайратының» сапында ойнады. Сол аралықта 186 рет жасыл алаңға шыққан жартылай қорғаушы 18 мәрте нысананы дәл көздеді. 2009-2011 жылдар аралығында Түркияның «Кайсери Эрджиесспорт», «Карталспорт» және «Диярбакырспорт» клубтарында өнер көрсетті. Кейіннен елімізге қайта оралып, Павлодардың «Ертіс», Қостанайдың «Тобыл», Өскеменнің «Восток», Шымкенттің «Ордабасы», Петропавлдың «Қызылжар» клубтарында доп тепкен. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында екі кездесу өткізді.

2014 жылы «Ордабасыда» ойнай жүріп бапкерлік қызметін бастады. 2018 жылы «Қызылжарда» да дәл осылай қызмет атқарып, арада бір жыл өткенде мансабын аяқтағаннан кейін бас бапкер қызметін қолға алды. Команданы бірінші лигадан Премьер-лигаға алып шықты.

Өткен жылы қарағандылық клубты бапкерлік мансабын 2010 жылы «Сұңқар» командасында бас жаттықтырушының көмекшісі ретінде бастаған Константин Горовенко жаттықтырған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, «Шахтер» өткен маусымды төртінші орынмен аяқтап, УЕФА-ның жаңа турнирі — Конференция лигасына жолдама алды. «Қайрат» ел чемпионы атанды, «Тобыл» екінші, «Астана» үшінші орынды иеленді.

Автор: Корреспондент

Аватар

Читайте также

Армиялық балуандардың еншісінде «алтын» және «қола» медаль

Алматыда өтіп жатқан Олимпиада алдындағы Азия чемпионатында күрестің үш түрі бойынша Орталық спорт клубының нұсқаушы-спортшылары …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *