Понедельник, 16.05.2022

Forbes-2022: Қазақстанның ең бай адамдары

Forbes Қазақстандағы ең бай бизнесмендердің тізімін жариялады. Рейтингте бірінші орынды «KAZ Minerals» компаниясының президенті әрі бас директоры Владимир Ким иеленді. Оның байлығы 5 миллиард долларға бағаланды. Владимир Кимнің дәулеті бір жылда 300 миллион долларға өскен.

Тимур Құлыбаев 3,9 миллиард доллар байлығымен екінші орында тұр. Оның байлығы өткен жылмен салыстырғанда 1 миллиард долларға артқан. Құлыбаев сингапурлық Steppe Capital Pte Ltd компаниясының үлесіне ие және «Joint Resources» АҚ, Kipros компаниясына иелік етеді.

Үшінші орын Динара Құлыбаеваға бұйырды. Оның байлығы 3,9 миллиард долларға бағаланған. Құлыбаеваның дәулеті бір жылдың ішінде 1 миллиард долларға артқан. Динара Құлыбаева күйеуімен бірге Халық банкінің 69,52% акциясына иелік ететін «Almex Plus» және «Almex» компанияларына иелік етеді. Құлыбаева сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев білім беру қорының негізін қалаушы саналады.

Вячеслав Ким 3,2 миллиард доллармен төртінші орынға жайғасты. Оның байлығы миллиард долларға азайған. Вячеслав Ким – Kaspi.kz акционері және директорлар кеңесінің төрағасы. Кәсіпкер «Алсеко» АҚ-тың 90 пайызына иелік етеді. Ол сонымен қатар ELTOP Soft және POZITIV Invest компанияларының акцияларына ие.

Үш миллиард доллары бар Михаил Ломтадзе үздік бестікті түйіндеген. Бір жыл ішінде оның байлығы 900 миллион долларға азайған. Ломтадзе – Kaspi.kz акционері, директорлар кеңесінің мүшесі, басқарма төрағасы.

Сондай-ақ топ ондықта: Болат Өтемұратов (2,8 миллиард доллар), Тимур Тұрлов (2,2 миллиард доллар), Ибрагимовтар отбасы (1,2 миллиард доллар), Кеңес Рақышев (960 миллион доллар) және Сәрсеновтер отбасы (897 миллион доллар) бар.

Дариға Назарбаева 584 миллион доллар байлығымен 13-орынға тұрақтаған.

Автор: Корреспондент

Читайте также

Алғашқы қазақ киносы

Бала күнімде халық батыры Амангелді Иманов туралы түсірілген фильмді сан мәрте көрдім. Бірақ оның ұлттық …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.