Хабар

Есентай өзенінен Сафар Шәкеевтің денесі табылды

Есентай өзенін тазалаумен айналысып жүрген жұмысшылар белгісіз адамның мәйітін байқап қалып, полицейлерді шақырды, деп хабарлайды BNews.kz

Полиция қызметкерлері мен сүңгуірлер мәйітті іздеуге кірісті. Біраз уақыттан кейін мәйіт судан шығарылды.«Адамның жеке тұлғасы анықталды. Ол із-түзсіз жоғалып кеткен Сафар Шәкеев болып шықты.

Өзімен бірге құжаттары табылды. Сараптама тағайындалып, неден көз жұмғаны анықталатын болады. Оқиға орнын Алматы қаласы жедел құтқару жасағы, ТЖД қызметкерлері, полицейлер мен сүңгуірлер тексеріп шықты», – деп хабарлады Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әзірбек. +
Естеріңізге сала кетейік, 16 шілде күні, сағат 22:00 шамасында Медеу аудандық ішкі істер басқармасына елімізге танымал композитор Еркеш Шәкеевтен ұлы Сафар Шәкеевті тауып беру жөнінде өтініш түскен. Жігітті іздеу үшін арнайы құрылған тергеу-оперативтік топ және достары, туыстары, сондай-ақ қайырымды жандардан құрылған еріктілер жұмылдырылды. Сафар Шәкеевтің қайда екенін айтқан адамға 10 млн теңге көлемінде сыйақы  белгіленген еді. Композитордың ұлын іздеуге республикалық құтқару жасағы мен тікұшақ та тартылған болатын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button