Новости

Ернар Жиембай Руслан Берденовке жасалған шабуыл үшін 9 жылға сотталды

Сот Ернар Жиембайды сот әкім орынбасарына оқ атқаны үшін 9 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік режиміндегі мекемеде өтейді. Сонымен қатар сот Жиембайды жәбірленуші Руслан Берденовке 30 АЕК (118 890 теңге) көлемінде өтемақы төлеуге міндеттеді.

Бұған дейін Берденов бұл қаражатты өзіне емделіп жатқан ауруханасына көлік сатып алуға жұмсағысы келетінін айтқан болатын.

Айта кетейік, 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратының алдында Руслан Берденовке оқ атылып, ол ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген еді. Бұл оқиғаға қатысты айыпталушы ретінде қалалық құрылыс басқармасына қарасты «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-нің бұрынғы директоры Ернар Жиембай танылған.

Жәбірленуші сот отырысына онлайн қатысқан. Прокурор 18 тамызда Ернар Жиембайға 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айыруды сұраған. Ал айыпталушының қорғаушысы оның іс-әрекетін «кісі өлтіруге оқталу» емес, «қасақана ауыр зиян келтіру» деп қарастыру керек екенін мәлімдеді.

Back to top button