Хабар

Ермағанбет Бөлекпаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Қабылдау барысында тұрғындардың басым бөлігі тұрғын үй мәселесін көтерді. Атап айтқанда, баспана алу, тұрғын үй жағдайын жақсарту, сондай-ақ тұрғын үй бағдарламаларына қатысу тәртібіне қатысты сұрақтар қойылды.

Сонымен қатар азаматтар өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, медициналық және әлеуметтік көмек алу, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарды қолдау мәселелері бойынша жүгінді.

Облыс әкімі әрбір өтініш бойынша тиісті түсініктеме берді. Жауапты мемлекеттік органдарға тұрғындар көтерген мәселелерді жан-жақты қарап, қолданыстағы заңнама аясында қажетті шаралар қабылдау тапсырылды.

Дереккөз: Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты

Статьи по теме

Back to top button