Ерлер мен әйелдер арасындағы жалақы айырмашылығы қандай?

Айта кетейік, Қазақстан биыл гендерлік теңдіктің жаһандық рейтингінде 156 мемлекет арасынан 80-ші орынға табан тіреді.

Қазақстанда ер адамдардың айлық табысы әйелдерге қарағанда 22% көп. Бұл туралы Energyprom жазды.

Ақпарат ресурсы биыл елдегі әйелдердің орташа номиналды айлығы қанша болғанын есептеп, ерлердің айлығымен салыстырған.

«Биыл әйелдердің орташа номиналды жалақысы 202,3 мың теңге болды. Салыстырсақ, ерлердің көрсеткіші 246,3 мың теңгеге жеткен. Бірдей салада жұмыс істейтін ерлер әйелдерге қарағанда 21,7% жоғары жалақы алады. Әсіресе балық аулау және аква шаруашылықта (70,7%), қаржы және сақтандыру қызметінде (46,6%), әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласында (31,2%), тау-кен өнеркәсібінде (27,2%) айырмашылық жоғары», деп жазылған талдауда.

Табыс теңсіздігін басқа құралдар арқылы өтеу үшін «Отбасы Банктің» «Ұмай» ипотекасын іске қосқаны да айтылады. Бұл шара Азия даму банкінің қолдауымен іске асып отыр. Бұдан әрі Energyprom «Ұмай» бағдарламасын елдегі екінші деңгейлі банктері ұсынатын несие өнімдерімен салыстырған.

Айта кетейік, Қазақстан биыл гендерлік теңдіктің жаһандық рейтингінде 156 мемлекет арасынан 80-ші орынға табан тіреді.

«Рейтингіде Қазақстаннан жоғары тұрған елдердің ішінде Украина мен Беларусь те бар. Әзірге гендерлік теңдік деңгейі бойынша Қазақстан Ресеймен бірге Таиланд пен Танзания арасында қалып отыр», деп жазады Energyprom.

egemen.kz

Автор: Корреспондент

Читайте также

2023 жылдан бастап зейнетақы мөлшері қалай өзгереді?

Зейнетақының ең жоғары мөлшері 100 пайыздан 120 пайызына дейін кезең-кезеңімен арттырылатын болады. 2023 жылдың 1 …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.