Хабар

Ералы Тоғжанов: 9-сыныптан кейін колледжге түсетін оқушылар 100% тегін біліммен қамтамасыз етіледі

Халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына, олардың педагогтері мен тәлімгерлеріне бір жылға ақшалай сыйлық тағайындалады, деп жазады informburo.kz.

Жыл сайын отыз мыңға жуық оқушы 9-сыныптан кейін колледжге түсіп, бір бөлігі қаржылық қиындығына байланысты оқуын жалғастырмайды. Осы орайда, алдағы уақытта колледжде оқуды жөн көрген түлектердің барлығы тегін біліммен қамтамасыз етіледі, деп мәлімдеді ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов.

“Колледждерде оқуға ниет білдірген 9-сынып түлектерін 100% тегін оқумен қамту жоспарланып отыр. Жыл сайын 9-сыныптан кейін 30 мың бала колледждерде ақылы негізде оқуда. Олардың біразы қаржылық қиындықтарына байланысты колледждерді бітірместен оқуын тастап кететін жағдайлар да жоқ емес. Сондықтан жастардың, әсіресе, аз қамтылған отбасы балаларын қолдау мақсатында оқуға ниет білдірген барлық 9-сынып түлектеріне колледжде тегін білім алуға мүмкіндік жасалады”, – деді Ералы Тоғжанов.

Сондай-ақ, премьер-министрдің орынбасары халықаралық олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ЖОО-ға конкурссыз гранттар берілетін айтты.

“Бұл шешім талантты жастарды жалпы қолдауға бағытталған, түлектердің елімізде тегін жоғары білім алуына жол ашады. Сондай-ақ, халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына, олардың педагогтері мен тәлімгерлеріне бір жылға ақшалай сыйлық тағайындалады”, – деп қосты Ералы Тоғжанов.

Еске салсақ, мәжіліс депутаттары жаңа мектептерді пәндік кабинеттерін жабдықтап барып пайдалануға беруді ұсынды. 2025 жылға қарай 800 жаңа мектептің құрылысы аяқталады деп жоспарланып отыр.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button