Хабар

Елімізде жемшөпті арзан бағада сататын кооператив құрылады

Ауыл шаруашылығы саласында жаңа кооператив құрылады. Оның мақсаты – төрт түлік малды арзан жемшөппен қамтамасыз ету. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру басталды. Оның шеңберінде сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласында 7 жыл мерзіммен, жылдық мөлшерлемесі 2,5 пайызбен микрокредит беріледі. Микрокредиттің ең жоғары сомасы – 8,6 млн теңге, ал ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін – 27,6 млн теңге. Жобаны іске асыруда биыл 17 мың микрокредит беру жоспарымен 100 млрд теңге көзделген, бұл 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді», – деді Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында.

Оның мәліметінше, «Ауыл аманаты» жобасына алдағы 7 жыл ішінде 1 трлн теңге бөлу жоспарланып отыр.

Сол арқылы 1 миллионнан астам ауыл тұрғыны үшін 350 мыңға жуық жұмыс орны құрылмақ.

«Төрт түлік малды азықпен қамту мақсатында нарық бағасынан төмен бағада сататын сервистік ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру жоспарланған», – дейді ол.

Бұған дейін Е. Қарашөкеев әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыруға жеңілдетілген несие берілетінін хабарлаған еді.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button