Биыл 1 наурыздан бастап әлеуметтік маңызы бар бағыттарда теміржол билеттерінің бағасы 7 процентке көтеріледі, — деп хабарлайды Egemen.kz.
Ресми мәліметке сәйкес, әлеуметтік маңызы бар бағыттарда халық жиі жүреді. Сол себепті осы санаттағы пойыздар мемлекет тарапынан субсидиялар бөлініп тұрады. Олар 106 бағытта жүреді. Соның ішінде 9 мемлекетаралық бағдар бар. Бүгінде COVID-19 пандемиясына байланысты мемлекетаралық пойыздардың қатынасы тоқтатылды. Ал ішкі бағдарлардың саны қысқарып отыр. Қазіргі кезде әлеуметтік маңызы бар 32 бағдарда теміржол тасымалы ұйымдастырылған.
Билет бағасы 7 процентке көтерілетін бағдарлар:
- №003/004 — Нұр-Сұлтан — Алматы;
- №010/009 — Нұр-Сұлтан — Алматы;
- №011/012 — Алматы — Шымкент;
- №021/022 — Қызылорда — Семей;
- №024/023 — Ақтөбе — Алматы;
- №025/026 — Алматы — Шымкент;
- №031/032 — Павлодар — Алматы;
- №033/034 — Ақтөбе — Алматы;
- №037/038 — Нұр-Сұлтан — Маңғыстау;
- №041/042 — Алматы — Атырау;
- №047/048 — Нұр-Сұлтан — Атырау;
- №053/054 — Нұр-Сұлтан — Достық;
- №067/068- Нұр-Сұлтан — Өскемен;
- №77/78 — Алматы — Маңғыстау;
- №085/086 — Нұр-Сұлтан — Сарыағаш;
- №258/257 — Нұр-Сұлтан — Достық (жазғы уақытта);
- №313/314 — Атырау — Маңғыстау;
- №321/322 — Алматы — Сарыағаш;
- №339/340 — Павлодар — Преснегорьковская;
- №351/352 — Алматы — Өскемен;
- №353/354 — Нұр-Сұлтан — Семей;
- №373/374 — Алматы — Жезқазған;
- №379/380 — Алматы — Орал;
- №603/604 — Нұр-Сұлтан — Арқалық;
- №613/614 — Орал — Ақтөбе;
- №623-627/624-628 — Нұр-Сұлтан — Қызыл-Ту – Петропавл;
- №673/674 — Павлодар — Нұр-Сұлтан;
- №692/691 — Ақтөбе — Атырау. Тіркемелі және жолда тоқтамайтын вагондар:
- №21/22 — Алматы — Семей;
- №77/313 /314/78 — Алматы — Құлсары;
- №22/6941/6942/21 — Алматы — Достық (жазғы уақытта).
«Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған шарттарға сәйкес, 2021 жылдың 1 наурызынан бастап облысаралық және қала маңындағы қатынастардағы барлық әлеуметтік маңызы бар бағыттарға теміржол билетінің құны 7%-ке артады», – делінген «Жолаушылар тасымалы» АҚ ресми хабарламасында.