Елімізде қандай мамандарға сұраныс жоғары

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ОКҚ өткен баспасөз мәслихатында Қазақстандағы сұранысқа ие мамандықтарды атады.

«Электронды еңбек биржасында орналасқан хабарландыруларға сәйкес, бізде инженерлік-техникалық қызметкерлерге, қызмет көрсету саласының қызметкерлеріне сұраныс жоғары», — деді Тамара Дүйсенова.

Т. Дүйсенованың айтуынша, жыл басынан бері Қазақстанға Ресейден 262 мыңға жуық адам келген. Оның ішінде 6 518 адам – «жұмысқа бару» мақсатын жазған адамдар.

«Тіпті пандемияға дейінгі кезеңде Ресей Федерациясынан 24 816 адам, содан кейін 2019 жылы – 30 мың, 2020 жылы – 33 мың, ал өткен жылы – 32 мыңға жуық адам келген. Қазір келгендер мен кеткендерді ескере отырып, біздің қызметтеріміздің мәліметтері бойынша елге жұмыс мақсатында келген және нарықта жүрген 25 301 ресейлік бар. Оған жыл басынан бері келген 6 мың адамды қоссақ, 31 мыңға жуық ресейлік жұмыс істеп жүр», — деді Тамара Дүйсенова.

Автор: Корреспондент

Читайте также

Елімізде 11 жылда жол мен көпір салу саласында небары 3 докторант дайындалды

Қазақстандық жоғары білім беру жүйесінде жекелеген «Автожолдар мен әуеайлақтар салу» мамандығы жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат. …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.