Понедельник, 30.01.2023

Елдегі орташа жылдық жауын-шашын мөлшері төмендеп барады

1940 жылдан бастап әр онжылдықта Қазақстандағы орташа жылдық температура 0,28 градусқа көтеріліп отыр.

Бұл туралы қолайлы климаттық жағдай қалыптастыруға бағытталған Қазақстанның 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясынның құжатында көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ХХ ғасырдың ортасынан бастап Қазақстан климаттық өзгерістердің теріс салдарына ұшырауда. 1940 жылдан бастап әр онжылдықта елдегі орташа жылдық температура 0,28°C-қа ұлғайып келеді. Жоғары өсу әсіресе күзгі кезеңде (0,31°C) байқалады. Сонымен қатар 10 жыл ішінде орташа жылдық жауын-шашынның 0,2 миллиметрге аса айтарлықтай төмендеуі байқалады», — деп жазылған құжатта.

Елімізде көмірқышқыл газының қалдықтары ауаға 2018 жылы көп бөлінген. Атап айтқанда, зиянды шығарындылар 1990 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 5,2 пайызға асып түскен.

Осы мәселелердің шешімі ретінде ел Үкіметі 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын бекiтпек. Соның негізінде Қазақстан 2030 жылға қарай парниктік газ қалдықтарын 15 пайызға төмендетпек.

Автор: Корреспондент

Читайте также

Қазақстанда үш жылда 1 300 шақырым жол салынбақшы

Президент «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевты қабылдады. Ақорданың хабарлауынша, …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *