Новости

Экс-банкир Жомарт Ертаев бостандыққа шықты

Сотталған азамат амнистия актісі негізінде босатылған.

«Сотталғандарға қатысты істерді қарау және шешім қабылдау соттың құзыретіне жатады. Алдағы уақытта бақылау және қадағалау мақсатында сотталған азамат пробация қызметінің есебіне қойылды», – делінген хабарламада.

2020 жылдың қарашасында Жомарт Ертаев Bank RBK-тегі 2011 жылдан 2017 жылға дейінгі аралықта қызметтік өкілетін пайдалана отырып және өзге адамдармен алдын ала сөз байласу арқылы 144 миллиард теңгені жымқыруды ұйымдастырды деп танылды.

Сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған қаражат пен өзге де мүлікті ірі көлемде заңдастырғаны үшін айыпталып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Кейін апелляциялық алқа бұл мерзімді тоғыз жылға дейін қысқартты.

2021 жылдың наурызында сот Bank RBK, Еуразиялық банк және Qazaq Banki-ден қаражат жымқыру ісі бойынша Жомарт Ертаев пен астық олигархы Нұрлан Тлеубаевқа қатысты үкім шығарды. Ертаев өзгенің мүлкін алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы аса ірі көлемде жымқырғаны үшін кінәлі деп танылып, орташа қауіпсіздік мекемесінде тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды.

Статьи по теме

Проверьте также
Close
Back to top button