
Экономикалық тергеп-тексеру саласы қандай қандай қызмет атқарады?
Жайдар Исатай – Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің тергеу басқармасының тергеушісі
Бағдарламаның кезекті шығарылымында экономикалық тергеп-тексеру саласының қандай қызмет атқаратыны жайлы, құқық қорғау негіздері туралы толық мәлімет берілген. Салаға байланысты шақырылған маман өз саласына қатысты барлық сұрақтарға жауап беріп, тыңдарман мен көрерменнің қызығушылығын арттырды.
– Жайдар мырза, сіз жақында ғана құқық қорғау орындарының қатарына қосылған екенсіз. Неге бұл саланы таңдадыңыз?
Бұл саланы таңдауыма ең алдымен әкем әсер етті. Ол кісінің берген тәрбиесі, шыншылдығы. Бәрі маған осы саланы таңдауыма тікелей әсерін берді.
– Несімен қызықтырды бұл сала сізді?
Экономика маған әуелден ақ қызықты сала болатын. Бір жағынан жаңадан дамып жатқан сала болғандықтан, жаңа қылмыс түрлері мен мемлекет бюджетіне қатысты сала болғандықтан осы жағына қарай өз бейімділігімді көрдім. Сол себепті, осы саланы таңдадым.
– Экономикалық тергеп-тексеру департаменті не істейді және не үшін қажет?
Экономикалық тергеп-тексеру департаменті ең алдымен экономикалық қылмыстарды анықтау, тергеу және оның алдын алу жұмыстарымен айналысатын, яғни, қаржылық мониторинг агенттігінің бөлімшесі. Бұл саланың негізгі мақсаты – ел экономикасына көлеңкелі схемаларды, бюджет қаражатын жымқыру, заңсыз ақшаны қолма-қол алу және басқа да махинациаларды анықтау, қорғау. Қаржылық заң бұзушылыққа қатысты тергеу орны және құқық қорғау органы.
– Тергеу басқармасының негізгі міндеттері қандай?
Тергеу басқармасы департаменттегі негізгі басқармалардың бірі. Тергеудегі негізгі міндет – дәлелдемелерді жинау, қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттерін жүргізу, сараптама тағайындау, қылмыстық іс бойынша құжаттамаларды жинау және дайындау, қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтау, оларды жауапкершілікке тарту.
– Жұмыс барысында қандай тергеулер болды?
Қызмет барысында мен бірнеше маңызды істі тергеуге алдым. Оның ішінде бүгінгі күннің ең ауыр қылмыстарына жататын қаржылық пирамидаларға қатысты қылмыстық істерге байланысты қылмыстық істерге тергеу жүргіздім.
Қорытындылай келе, осы қызметке, салаға қызығушылы бар жастар болса ең алдымен алдарына мақсат қоя біліндер деп айтар едім. Бұл сала ел үшін, экономика саласының дамуына ең бірінші септігін тигізетін жауапкершілікті қажет ететін сала. Бастысы ниет болса болғаны.