Хабар

Екінші келіссөз нәтижесі: Украина мен Ресей гуманитарлық дәліз құратын болды

Ресей Федерациясы Президентінің көмекшісі, Ресей делегациясының басшысы Владимир Мединский келіссөздердің екінші раундының қорытындысы бойынша украиналық тараппен қол жеткізілген уағдаластықтарды айтарлықтай ілгерілеу деп атады. Атап айтқанда, тараптар халыққа арналған гуманитарлық дәліздер туралы келісті, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі.

Ресей делегациясының басшысы Владимир Мединский Украина делегациясымен қол жеткізілген уағдаластықтарды айтарлықтай прогресс деп атады.

“Бүгінгі таңда шешімін тапқан басты мәселе – ұрыс қимылдары аймағында қалған адамдарды, бейбіт тұрғындарды құтқару мәселесі. Сондықтан тараптар – Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің, Украина Қорғаныс министрлігінің өкілдері – бейбіт тұрғындардың шығуы үшін гуманитарлық дәліздерді ұстау режимінің форматы, аймақтағы соғыс қимылдарын уақытша тоқтату мүмкіндігі туралы келісімге келді. Менің ойымша, бұл айтарлықтай прогресс”, – деді ол журналистерге.

Мединский келіссөздер барысында тараптар үш мәселе блогын – әскери, халықаралық гуманитарлық және шиеленісті болашақта саяси реттеу мәселесін талқылағанын атап өтті.

“Позициялар анық, олар нүкте-тармақпен жазылған. Біз олардың кейбіреулері үшін өзара түсіністікке қол жеткіздік, – деді ол. – Ресей Федерациясы тағы да осындай жағдайға тап болған бейбіт тұрғындарды, егер соғыс қимылдары жалғаса берсе, осы гуманитарлық дәліздерді пайдалануға немесе соғыс қимылдарын тоқтату үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға шақырады”, – деп түйіндеді Мединский.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button