СпортХабар

eGov.kz порталында спортшылар мен олардың ата-аналарына арналған жаңа қызмет пайда болды

Енді спортшыларға арналған мамандандырылған мекемелерге түсу үшін egov.kz-те сауалнаманы толтыру арқылы және барлық қажетті құжаттарды тіркей отырып онлайн режимінде өтініш беруге болады. Қызметке ЭЦҚ көмегімен 18 жасқа толған оқушының өзі, не болмаса баланың ата-анасы, заңды өкілі тапсырыс бере алады.

Бұрын қағаз құжаттарды, соның ішінде өтінішті, марапаттарды, спорттағы жетістіктерін растайтын бұйрықтарды, сондай-ақ анықтамаларды ала отырып, оқу орындарына жүгіну қажет болатын.

Өтініш беру үшін egov.kz электрондық үкімет порталында келесі әрекеттерді орындау қажет:

“Туризм және спорт” бөлімін таңдаңыз, “Халыққа арналған спорт” қосымша бетіне өтіңіз және “Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждеріне және спортта дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттарға құжаттар қабылдау” қызметін басыңыз;

  • міндетті жолдарды толтыру;
  • құжаттарды pdf, jpeg, jpg форматында тіркеу;
  • СМС-пароль немесе ЭЦҚ көмегімен сұрау салуға қол қою.

Сұраным сәтті өңделген жағдайда мемлекеттік органнан жеке кабинетке өтінімнің орындалуы туралы хабарлама келеді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі күні eGov.kz порталында туризм және спорт саласында 10-ға жуық қызмет қолжетімді, оның ішінде спорттық атақтар мен санаттар беру, жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу, спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу және басқалары.

“Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ баспасөз қызметі

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button