Воскресенье, 29.05.2022
Иллюстративное фото

Еңбек министрлігі мүгедек балаларға берілетін жәрдемақы АӘК тағайындау кезінде табыс ретінде есептелетіні туралы ақпаратты жоққа шығарды

Кейбір БАҚ пен әлеуметтік желілерде таратылып жатқан, енді мүгедектігі бар балаларға арналған жәрдемақылар атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде ескерілетіні туралы ақпарат шындыққа сай келмейді, деп хабарлайды kt.kz. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жалған ақпараттың таратылу себебі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі №237-ө бұйрығына енгізілген өзгерістерді дұрыс түсіндірмеу болып табылады», — деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Ағымдағы жылдың 23 қазанынан бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң күшіне енді. Жоғарыда көрсетілген Заңмен мүгедектікті беру жасы 16-дан 7 жасқа дейін төмендетілді, бұл ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға ерте жастан бастап мүгедектік топтарын белгілеуге мүмкіндік берді.

Аталған өзгерістер АӘК тағайындау әдістемесіне әсер етпегенін атап өту қажет.

Заңды іске асыру шеңберінде 2021 жылғы 8 желтоқсандағы бұйрыққа енгізілген өзгерістер тек редакциялық сипатқа ие, яғни жәрдемақылар атауы былайша өзгертілді:

  1. 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға берілетін мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар 7 жасқа дейінгі мүгедек балаларға берілетін мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға ауыстырылды;
  2. бірінші, екінші, үшінші топтардағы 16 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға берілетін мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар бірінші, екінші, үшінші топтардағы 7 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға берілетін мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға ауыстырылды;
  3. 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға берілетін арнайы мемлекеттік жәрдемақылар 7 жасқа дейінгі мүгедек балаларға берілетін арнайы мемлекеттік жәрдемақыға ауыстырылды;
  4. бірінші, екінші, үшінші топтардағы 16 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар бірінші, екінші, үшінші топтардағы 7 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақыға ауыстырылды.

«Осылайша, АӘК тағайындау кезінде жоғарыда көрсетілген жәрдемақылар отбасының жиынтық табысының құрамында ескерілмеген және ескерілмейді. Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауды және ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуды сұраймыз. Жалған ақпарат тарату заң бойынша жазаланатынын естеріңізге сала кетейік», — деп қорытындылады баспасөз қызметі.

Автор: Сабина Карпова

Читайте также

Велосипед тепкен неге пайдалы?

Велосипед айдауды әдетке айналдырған адам жүрек-қан және диабет, басқа да аурулардан ада болады. Ол үшін …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.