Новости

Дулат Жекебаев Қарағанды облысы Білім басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Қарағанды облысының Білім басқармасының жаңа басшысы болып Дулат Шайкенұлы Жекебаев тағайындалды. Оны аппараттық кеңес барысында аймақ әкімі Ермағанбет Бөлекпаев таныстырды.

Дулат Жекебаев педагогикалық еңбек жолын 1997 жылы география және тарих пәндерінің мұғалімі ретінде бастаған. Мемлекеттік қызмет саласындағы тәжірибесі 20 жылдан асады.

Ол білім беру саласында түрлі жауапты қызметтер атқарған. Осакаров ауданының білім бөлімін басқарған, сондай-ақ аудан әкімінің орынбасары қызметін де атқарды. Кейін Қарағанды қаласының білім бөліміне жетекшілік етті. Бұдан бөлек, Қарағанды облысы мен Астана қаласындағы Білім басқармалары басшыларының орынбасары лауазымдарында еңбек етті.

2019–2025 жылдар аралығында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің орталық аппаратында жұмыс істеп, комитет төрағасының орынбасары және министрлік аппаратының жетекшісі қызметтерін атқарды. Соңғы уақытта Орта білім комитеті төрағасының орынбасары болды.

Back to top button