Хабар

Димаш Құдайберген халықаралық байқауда жаңа әнін орындады

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген “Новая волна 2021” халықаралық байқауының ашылу салтанатында өнер көрсетті, деп хабарлайды әншінің ресми сайты.

Сочи қаласының Олимпиадалық саябағында өткен салтанатты шара барысында Димаш алдымен Игорь Крутойдың сүйемелдеуімен наурыз айында шыққан “Your Love” композициясын орындады.

Осыдан кейін ақын Шарон Вонның өлеңіне жазылған “Stranger” әнінің тұсаукесері болды. Оны Олжас Құрманбек орындайды. Сосын Димаш Құдайберген қосылады. Осы жолғы байқауда Димаш Құдайберген қазылар алқасының құрамына енді.

“Бұл менің қазылар алқасындағы алғашқы тәжірибем емес. Бұған дейін мен Қытайдағы «Super Vocal» жобасында, жақында «Славян базарында» жұмыс істедім. «Новая волна» байқауына мен алғаш рет қазылар алқасының мүшесі ретінде қатысатын боламын. Бұл қуанышты әрі жауапты сәт”, – деді Димаш Құдайберген.

Әншінің айтуынша, ол өз елінің өкілдері үшін жанкүйер болады, алайда объективті көзқарастан айнымайды. Себебі байқауда принциптілік орнаған, соның арқасында ол ұзақ жасап келеді.

Жарыстың финалында әлемнің 9 елінен 11 қатысушы бас жүлде үшін таласады. Байқауға Қазақстанның атынан “Mezzo” тобы қатысуда. Ал қазылар алқасына Димаштан бөлек Игорь Крутой, Филипп Киркоров, Светлана Лобода, Сергей Лазарев, Artik & Asti, Леонид Агутин мен Дима Билан кіреді.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button