Понедельник, 30.01.2023

Демограф: Қазақстанда алдағы уақытта бала туу көрсеткіші төмендейді

Маман мұның бірнеше себебін атады.

Демограф Бәтжан Ақмолдина Айқын басылымына берген сұхбатында Қазақстанда алдағы уақытта бала туу көрсеткіші төмендейтініне болжам жасады. Оның бірнеше себебі бар.

«Алдағы уақытта белсенді туу жасындағы ана­­лар мен әкелердің саны азая бас­тай­ды. Мысалы, 1998, 1999 жылдардағы қиын эко­номикалық дағдарыс кезеңінде ба­ланың ең аз туу саны белгіленген. Сол ең аз туған жылғы балалардың жасы қа­зір 23-25-те. Олардың саны оның ал­дың­ғы жылдармен салыстырғанда аздау. Сон­дықтан алдағы уақытта туу да азая­ды», – деді демограф.

Оның айтуынша, бала туу көрсеткішінің төмендеуіне Қазақстандағы некені қию жа­сының ұлғаюы да себеп. Реп­ро­дук­тивті жастардың туу бел­сенділігі бұрын 21-22 жаста болса, қа­зір 24-25 жаспен өлшенеді.

«Үшінші – экономикалық жағдай. 1999 жыл­ғы бала туу санының аз болуына эко­номикалық дағдарыс әсерін тигізді. Сол се­кілді қазіргі экономикалық дағ­дарыс­қа байланысты бұрынғы жағдай еп­теп қай­талануы мүмкін. Қазір де ин­фля­ция жо­ғары, халықтың хал-ауқаты төмен­деп, нақ­ты табысы азайып жатыр. Осыған бай­ланысты отбасылардың екінші, үшінші не­месе кейінгі баланы сүю жоспары кейінге қалдырылуы мүм­кін. Айталық, қа­зір үй­ленгеннен кейін көбі көп ұзамай ба­лалы бо­лады. Екінші баланы да ара­сында 1,5 жыл, не болмаса 3 жыл салып жос­парлайды. Ал үшінші баланы туу ол от­басыларда да экономикалық және әр­түрлі әлеуметтік төлемге байланысты кейін­ге қалдырылады», – деді Бәтжан Ақмолдина.

Автор: Корреспондент

Читайте также

Тәулік бірнеше секундқа қысқаруы мүмкін

Соңғы жылдары болған зілза­лалар мен жер сілкінісіндегі құ­былыстарды зерттеген қытай­лық ғалымдар біздің ғаламшардың ядро­сы айналу …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *