Понедельник, 14.06.2021

«Дала» фильмінің түсірілімі басталды. Кино қорықшы Ерлан Нұрғалиев пен Қаныш Нұртазиновтың құрметіне арналған

Көркем фильмнің түсірілімі Ақмола облысында жүріп жатыр. Жоспар бойынша, 2022 жылы көрерменге жол тартады.

Қызмет барысында браконьерлердің қолынан қаза болған инспекторлар Ерлан Нұрғалиев және Қаныш Нұртазиновтың құрметіне орай «Дала» атты көркем фильм түсіріліп жатыр. Картинаның режиссері әрі продюсері – бұған дейін отандық фильмдерде актер ретінде танылған Максим Акбаров. Оның айтуынша, фильмнің түсірілімі Ақмола облысында осы айдың соңына дейін жалғасады. Шығармашылық топ қазір картинаның қысқы көріністерін түсірумен айналысуда. Ал жаз айларындағы түсіру жұмыстары Қостанай, Ақмола облыстарында, Наурызым және Қорғалжын қорықтарында өтеді.

Фильмдегі басты рөлдерді театр және кино актері Азат Сейтметов пен Дәурен Серғазин ойнайды. Қосалқы рөлдерге өзге де отандық актерлер тартылған. Жалпы фильмді жарыққа шығаурға 40-тан астам маман еңбектенуде. Картина толығымен жеке демеушілердің қаржыландыруымен түсіріліп жатыр.

«Фильмнің сюжеті Ерлан Нұрғалиев пен Қаныш Нұртазиновтың шынайы оқиғасымен байланысты емес. Біздің кейіпкерлеріміз «Охотзоопром» инспекторларының прототиптері, ұжымдық бейнесінің жиынтығы деп айтсақ болады. Бірақ, фильм қызмет барысында қайтыс болған марқұм қорықшыларға арналады», – деді режиссер Максим Акбаров.

Режиссердің айтуынша, фильмнің түсіріліміне қазір арқаның ақ түтек бораны қиындық көрсетіп жатқан көрінеді. Тіпті, киноға түсіп жатқан актерлердің бірі дүлей боран кезінде жоғалып кеткен. Әйтеуір құтқарушылар оны дер кезінде тауып, аман қалыпты.

Табиғат қорғаушыларының еселі еңбегі туралы сыр шертетін «Дала» көркем фильмін түсіруді Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі және «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК қолдауымен Golden Man Media компаниясы қолға алып отыр.

Шығармашылық топқа қолдау көрсетуші «Охотзоопром» өкілдері қорықшылардың өмірі, қызмет барысындағы көпшілік біле бермейтін сырларымен бөлісіп жатыр екен. Естеліктер болашақ фильмнің мазмұнына арқау болмақ.

Туынды 2022 жылы көрерменге жол тартады деп жоспарланған. Шығармашылық топ фильмнің тұсаукесерін кинотеатрлар жабық кезде өткізбей, пандемия аяқталған соң жарыққа шығарсақ деген ниетте.

Еске сала кетсек, 2019 жылдың қаңтар айында Қарағанды облысының Нұра ауданында «Охотзоопром» жануарлар әлемін қорғау инспекторы Ерлан Нұрғалиев браконьерлер қолынан қаза тауып, әріптесі Петр Ницык ауыр жараланған болатын.

Ал Қаныш Нұртазинов 2019 жылы 23 шілдеде браконьер қолынан қаза тапты. Сол күні ол жанындағы әріптесімен бірге киіктерді атқан браконьерлердің соңынан қуып, оққа ұшты. Алған жарақатынан сол жерде қайтыс болды. Қасындағы инспектор ауыр жарақаттанған еді.

informburo.kz

Автор: Корреспондент

Читайте также

Еуропа чемпионаты ойындарын қайдан көруге болады?

Футболдан кәрі құрлықтың басты додасын қазақстандық спорт жанкүйерлері тікелей эфирде тамашалай алады. Еліміздің аумағында көрсетілімді …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *