Дұрыс шешім қабылдаңыз: Қарағандының бас санитар дәрігері тұрғындарға үндеу жолдады

Қарағанды облысының бас санитарлық дәрігері Юрий Залыгин тұрғындарды коронавирусқа қарсы вакцинациядан өтуге шақырды.

Қазақстандағы коронавирусқа қарсы кез келген вакцина мақұлданған, қауіпсіз және тиімді.

«Қолданылатын вакциналар әлемнің көптеген елдерінде қолданылады, сондықтан белгілі бір препараттың жеткізілуін күтудің қажеті жоқ. Дәл қазір бізде бар вакцинаны салдыру керек. Күнделікті ойланып-толғанған сайын алтын уақытыңызды жоғалтасыздар. Әр азамат өзі үшін дұрыс шешім қабылдауы керек. Мен денсаулық жағдайына байланысты қарсы көрсетілімі барларды қоспағанда, барлығына вакцина алуды ұсынамын», – деді Юрий Залыгин тікелей эфирде өткен брифингте.

Ол ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін халықтың кемінде 70%-ы вакцинациялануы керек екенін еске салды.

Қарағанды облысында 27 шілдедегі жағдай бойынша КВИ-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентін — 371 515 адам, екі дозаны — 238 171 адам алды.

Белгілі бір сала қызметкерлері үшін міндетті вакцинациялау мерзімі ұзартылды.

Олар вакцинаның бірінші компонентін 10 тамызға дейін, екіншісін 1 қыркүйекке дейін алуы керек.

Медициналық қарсы көрсетілімі бар немесе соңғы үш ай ішінде COVID-19 ауырып жазылған адамдарды егу талап етілмейді.

«Эпидемиологиялық жағдай тек әрқайсымызға байланысты екенін бәріміз түсінуіміз керек. Барлық сақтық шараларын сақтауды сұраймын. Егер өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, жөтел, мұрынның бітелуі пайда болса, дереу медициналық көмекке жүгініңіз, өзіңізді емдеумен айналыспаңыз», – деді қарағандылықтарға облыстың бас санитар дәрігері.

Автор: Корреспондент

Читайте также

Какой будет погода в Казахстане 30 июня

Погода на территории Казахстана на четверг, 30 июня. В Нур-Султане переменная облачность, без осадков, ветер …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.