Хабар

COVID-19 ревакцинациясы жыл сайын болуы мүмкін – ДДСҰ

Жылына бір рет коронавирусқа қарсы екпе қажет болуы мүмкін. Бұл пікірді Дүниежүзілік медицина қауымдастығының төрағасы Франк Ульрих Монтгомери немістің Funke редакциялық тобының газеттерінде жарияланған сұхбатында айтты.

Бұл туралы ТACC агенттігі хабарлайды.

“Ревакцинация иммундық жүйені нығайтады. Бірақ оның қанша уақытқа созылатынын нақты білмейміз. Бәлкім, жыл сайын қайталау керек шығар”, – деді ол.

Монтгомери егер азаматтар уақытылы ревакцинациядан өтпесе, жарамдылық мерзімі белгілі бір уақытта аяқталатын вакцинация сертификаттарын қолдады.

Германияда өткен жылдың желтоқсан айында коронавирусқа қарсы алғашқы екпе жасалды. Оларды алған азаматтардың әлі де жарамды куәліктері бар.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Проверьте также
Close
Back to top button