Фото - Минздрав РК

Цой ДДСҰ басшысынан қазақстандық вакциналарды тезірек тіркеуді сұрады

Министр Алексей Цой Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесуспен кездесті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Біз COVID-19-ға қарсы қазақстандық екі вакцина туралы айтып бердік. Біреуі – инактивті QazCovid-in (немесе QazVac) вакцинасы, екіншісі – QazCoVac-P вакцинасы. Қазақстан Республикасында QazVac 18 айға уақытша тіркеуден өтті. Ол мұсылман елдерінде жасалған жалғыз вакцина болып саналады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оған халал куәлігін берген», — деп жазды Цой әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ал QazCoVac-P вакцинасы биыл маусым айында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының клиникалық зерттеулер фазасындағы кандидат вакциналар тізіміне қосылған болатын.

«Біз ДДСҰ басшысынан қазақстандық вакциналарды тіркеу жұмысын тездетуді сұрадық», — деп атап өтті министр.

Сондай-ақ кездесу кезінде коронавирустың жаңа штамы – омикронға қарсы іс-шаралар талқыға салынды. Бүгінде вирустың жаңа үлгісі әлемнің 10 елінде анықталды. Алдын ала мәліметке сәйкес, оның таралу қаупі жоғары және антиденелерге қарсы тұра алады.

Айта кетері, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцарияға ресми сапармен барды. Президент алдымен ДДСҰ бас директоры Тедрос Гебрейесуспен кездескен.

Автор: Сабина Карпова

Читайте также

Неліктен перзентханада босанған әйелді флюорографияға түсіреді?

Жас ананы перзентханадан шығармас бұрын өкпесін түсіруге жібереді. Ол не үшін керек және сәулелендіру сүт …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *