Хабар

Бразилия Олимпиада қарсаңында қауіпсіздікті күшейтіп жатыр

Бразилия Олимпиада ойындарының ашылу қарсаңында Рио-де-Жанейроның маңызды туристік орындарында қауіпсіздік шараларын күшейтіп жатыр.

Бұл туралы елдің әділет министрі Алешандри ди Мораеш мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.
Оның айтуынша, қауіпсіздікті қамтамасыз ету операциясына федералды күштер, жалпы 85 мың адам тартылмақ. Оның 41 мыңы – әскерилер.
Министр 5 тамыз күні Олимпиаданың ашылу салтанаты өтетін «Маракана» стадионында қауіпсіздік шарасы күшейтілетінін тілге тиек етті.
Айта кетсек, бұған дейін Бразилияда Олимпиада кезінде теракт жасауды жоспарлаған қылмыстық топтың 12 мүшесі тұтқындалған болатын.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button