НовостиСпорт

Бокстан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды

Англияның Ливерпуль қаласында өткен бокстан әлем чемпионаты өз мәресіне жетіп, Қазақстан құрамасы үздік нәтиже көрсетті. World Boxing ұйымы өткізген бұл байрақты бәсекеде еліміздің спортшылары жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.

Қазақстандық боксшылар чемпионат барысында барлығы 10 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 7 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль бар.

Медаль саны жағынан 11 жүлде еншілеген Өзбекстан екінші орынды қанағат тұтты. Көрші елдің қоржынында 6 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль бар. Ал үшінші орынға 2 алтын, 1 күміс және 1 қола медальмен Үндістан құрамасы тұрақтады.

Қазақстанға алтын медаль алып келген былғары қолғап шеберлері:

  • Алуа Балқыбекова (51 келі),

  • Санжар Тәшкенбай (50 келі),

  • Махмұд Сабырхан (55 келі),

  • Аида Әбікеева (65 келі),

  • Наталья Богданова (70 келі),

  • Төрехан Сабырхан (70 келі),

  • Айбек Оралбай (90 келі).

Сондай-ақ, Назым Қызайбай (48 келі) күміс медаль иеленсе, Виктория Графеева (60 келі) мен Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары) қола жүлдеге қол жеткізді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құраманың бұл жеңісін ерекше атап өтіп, спортшыларды жарқын жетістіктерімен құттықтады.

Статьи по теме

Back to top button