Фото - ДЧС Карагандинской области

«Біз – тәуелсіз елдің ұрпағымыз!» — Қарағанды облысында ТЖД қызметкерлерінің еңбегі бағаланды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында қызметті және елді дамыту ісіне үлес қосып жүрген Қарағанды облысының ТЖД қызметкерлерімен таныстыруды жалғастырудамыз.

Біздің бүгінгі материалымыздың кейіпкері Шыңғыс Нұрсейітов. Шыңғыс 1989 жылы Қарқаралы қаласында дүниеге келген. ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтының түлегі. Жас шамасына қарамастан Шыңғыс үшінші жыл Қарқаралы ауданының ТЖ бөлімін басқарады. Бұған дейін Бұқар Жырау ауданының ТЖ бөлімінде маман болып жұмыс істеген.

Азаматтық қорғау майоры Шыңғыс Нұрсейітов төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, азаматтық қорғау органдарын дамыту ісіне елеулі үлес қосуда.

Қарқаралы ауданының ТЖ бөлімімен Шыңғыс Нұрсейітов басшылығымен су тасқыны кезеңінің апатсыз өтуін қамтамасыз ету және олардың салдарын барынша азайту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде.

Сондай-ақ өрттің, оның ішінде табиғи өрттердің алдын алу және жою мәселелері бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Төтенше жағдайлар бөлімінің бастамасымен Қарқаралы ауданы әкімдігінің қолдауымен Ақтасты, Томар, Тегісшілдік және Жаңатоған ауылдарында 4 өрт сөндіру бекеті және 1 орталықтандырылған «Қарқаралы ауданының өртке қарсы және авариялық-құтқару ерікті құралымы» қоғамдық бірлестігі құрылды. Ерікті өрт сөндірушілер үшін орман-дала өрттерін сөндіру үшін 12 бірлік өрт модулін сатып алу ұйымдастырылды.

Мінсіз қызметі үшін Шыңғыс ведомстволық наградалармен марапатталды.

Оның спорт саласында көптеген жетістіктері бар. Шыңғыс бала кезінен спортпен шұғылданады. Бокстан республикалық және облыстық жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері. Жақында өз қоржынын пауэрлифтинг бойынша жарыста жеңіп алған қола медальмен толықтырды.

Биыл Шыңғыс «Сарыарқа» телеарнасы мен «Сарыжайлау» кинотеатры ұйымдастырған «Біз – Тәуелсіздік ұрпағымыз!» шығармашылық жобасына белсене қатысты.

«Мен осы салада жұмыс істейтініме қуаныштымын. Тәуелсіздіктің арқасында сүйікті ісіммен айналыса аламын деп ойлаймын. Қазақстанға бейбітшілік пен тыныштық тілеймін. Ал біз — Тәуелсіздіктің ұрпағы, еліміздің өркендеуі үшін бар күшімізді саламыз», — дейді Шыңғыс.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі

Автор: Сабина Карпова

Читайте также

Неліктен перзентханада босанған әйелді флюорографияға түсіреді?

Жас ананы перзентханадан шығармас бұрын өкпесін түсіруге жібереді. Ол не үшін керек және сәулелендіру сүт …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *