Биыл ҰБТ тапсырушыны бір емес екі камера бақылайды

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов министрліктің аппарат отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрдің сөзінше биылдан бастап ҰБТ тапсырушыны тест барысында бір емес екі камера қадағалайды.

«Ұлттық бірыңғай тестілеуді биыл да электронды форматта өткізуіміз қажет. Ашықтықты, әділдікті қамтамасыз ету – басты міндеттің бірі. Биыл жаңа тетіктер де енгізіледі. Оның ішінде қосымша камера болады. Яғни, енді бір камера емес, 2 камера бір тест тапсырушыға арналып қойылады. Бір камера талапкердің тест тапсыру барысын қадағаласа, екінші камера сол адамның өзі отырған-отырмағанын белгіленген уақыттың ішінде суретке түсіріп, тіркейді. Тестілеудің басынан аяғына дейін басқа адам емес тесті тапсырушының өзі отырғанын бақылайды. Fist Id функциясы бар арнаулы камера болады. Сондықтан осы жоспарларды тиісті деңгейде орындау қажет», деді Асхат Аймағамбетов.

Сондай-ақ ол ақпан айында тапсырылатын тесттің маңызына тоқталды.

«Бұл – бізде жыл сайын дәстүрлі форматта өткізілетін тестілеу. Биыл оны ақпан айының соңына дейін жалғастырамыз. Өтініш білдірген барлық азамат осы тестіні тапсырып үлгеруі керек. Бұл міндетті грантты алуға бағытталған тест емес. Мұны кейбір азаматтарымыз дайындық ретінде қарайды. Басқалары жоғары оқу орындарына ақылы түрде түсу үшін таңдайды, оған сертификаты жарамды. Қалай десек те, бұл тестілеу түлектеріміз үшін маңызды. Сондықтан осы жұмысты тиісті деңгейде жүргізуіміз керек», деді Асхат Аймағамбетов.

Автор: Корреспондент

Читайте также

О погоде в Казахстане на 19 августа рассказали синоптики

Погода на территории Казахстана на четверг, 18 августа. В Нур-Султане переменная облачность, дождь, ветер 9-14 …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.