Новости

Бектенов 1 желтоқсанға дейін барлық күмән тудыратын және тиімсіз жәрдемақыларды жоюды тапсырды

Премьер-министр Олжас Бектенов барлық өңірлерде әлеуметтік қолдау шараларының бірыңғай стандартын 1 желтоқсанға дейін әзірлеуді тапсырды.

Ол барлық күмәнді және тиімсіз әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды жою қажеттігін атап өтті. «Бұл мәселені түпкілікті шешу қажет. Біз әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етіп, масылдықты азайтуға бағытталған шараларды жүзеге асырамыз. Үкіметтің басты міндеті – барлық азаматтарға тең мүмкіндіктер беру. Ал халық өз кезегінде жұмыс істеп, өзін және отбасын қамтамасыз етуге ұмтылуы тиіс. Мемлекет басшысы осы мәселеге ерекше назар аударуда», – деді Бектенов.

Сонымен қатар, премьер-министр цифрландыру министрлігімен бірлесе отырып, 1 қарашаға дейін Еңбек министрлігі жанындағы әлеуметтік салаға арналған бірыңғай цифрлық платформаны енгізуді тапсырды.

«Әлеуметтік салада бірыңғай цифрлық платформа биыл 1 қарашаға дейін іске қосылуы тиіс. Сондай-ақ, Әлеуметтік кодекске әлеуметтік аудит жүргізу тетіктері енгізіледі», – деді ол.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында аймақтардағы әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға бөлінетін әлеуметтік төлемдерді біріздендіру қажеттігін атап өткен еді.

Статьи по теме

Back to top button