Хабар

“Бастау Бизнес” аясында кәсіпкерлік негіздерін онлайн оқуға болады

Оқу тегін.

2022 жылғы 25 шілдеден бастап “Бастау Бизнес” жобасымен кәсіпкерлік негіздерін онлайн оқуға болады. Өз ісін бастауды жоспарлап отырған қазақстандықтар енді Skills.enbek.kz платформасы арқылы бизнес жүргізу үшін базалық білім мен дағдыларды игереді, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Оқу курсына жазылу үшін Business.enbek.kz порталда тіркелу, оқыту шарттарына сәйкестігіне автоматты тексеруден өту қажет.

Кімдер қатыса алады:

жұмыссыздар;
ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер;
зейнеткерлік жасқа жетпей жұмыстан қысқартылатын қызметкерлер;
жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей кіріс алу мақсатында тауарларды өндіру (өткізу), жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын тұлғалар, жұмыс істемейтін жеке кәсіпкерлер;
отбасылық кәсіпкерлікте ақы төленбейтін қызметті дербес жүзеге асыратын тұлғалар;
табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, сату (айырбастау) үшін жеке қосалқы шаруашылықта өнім өндіру жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын тұлғалар;
табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен өндірістік кооперативтердің мүшелері.

Оқыту 14 күнтізбелік күннен аспайды. Әр қатысушы курсты жеке-жеке оқиды. Оқу толығымен тегін.

Оқыту келесі кезеңдерден тұрады:

бірнеше модуль бойынша онлайн оқыту курсы;
қорытынды тестілеу;
оқудан өткені туралы сертификат алу.

Оқу барысында пайдаланушы бірнеше сабақтардан тұратын 12 модульден өтуі керек. Әрбір модуль аяқталған соң аралық тестілеу өткізіледі. Келесі оқу модуліне өту үшін қатысушы тестілеуді тапсыру кезінде дұрыс жауаптардың кемінде 70%-ын жинауы керек. Аралық тестілеуден өту әрекеттерінің саны шектелмейді.

Онлайн курс қатысушы қорытынды тестілеуді тапсыру кезінде дұрыс жауаптардың 70%-дан астамын жинаған жағдайда өтті деп есептеледі. Дұрыс жауаптардың 70%-ынан төмен жинаған қатысушыға қорытынды тестілеуден 2 рет қайта өту мүмкіндігі беріледі.

Оқыту қорытындысы бойынша қатысушы бірегей нөмірі бар электрондық сертификат алады. “Бастау Бизнес” жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы сертификаттың қолданылу мерзімі 3 жылды құрайды.

Курстан өткендер ұлттық жоба шеңберінде бизнес-идеяларды іске асыруға грант алуға үміткер болады.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button