Хабар

Балқаш көлі таязданып бара ма – министрлік жауабы

Балқаш көлінің суы қалыпты деңгейде. Бұл туралы Су ресурстары комитетінің төрағасы Нұрлан Алдамжаров айтты.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында БАҚ өкілі ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевтен «Балқаш көлі тартылса, оның апаты Аралдан 10 есе көп болатындығы туралы пікірлер бар. Ал су мамандарының дерегінше, көлдің таяздану процесі жеделдей түскен. Өйткені көл тереңдігі 6,8 метр ғана екен. Бұл ақпарат шындыққа жанаса ма?», – деп сұраған еді.

Сауалға министрдің орнына жауап берген Су ресурстары комитетінің төрағасы Нұрлан Алдамжаров бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтындығын айтады.

«Жыл басында Балқаш-Алакөл байссейні инспекциясымен, Қазгидрометпен су деңгейінің белгілерін алдық. Балтық жүйесі бойынша 341 метр белгісінен төмен түспеуі керек. Жыл ортасында есептеген кезде белгісі 342,8 метр болды. Ал бұл қалыпты деп саналады. Сондықтан Балқаш көлі тартылып барады деу дұрыс емес», – деді Нұрлан Алдамжаров.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button