Хабар

Бүгін тамыз айындағы ҰБТ-ға тіркеу басталды

Өтінімдер 30 шілдеге дейін қабылданады.

Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталды. Өтінімдер қабылдау 25 шілдеде басталып, 30 шілдеге дейін жалғасады. ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жүргізіледі. Тестілеудің өзі 10-13 тамыз аралығында өтеді, деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.

“Қаңтар-шілде аралығында өткен ҰБТ-да кейбір талапкерлер шекті балл жинай алмады. Шекті балсыз олар еліміздің жоғары оқу орындарына түсе алмайды. Біз осы балалардың ақылы бөлімге түсу мүмкіндігі болуы үшін, тамыз айында қайта тестілеуден өтуге жағдай жасадық. Оқуға түсу үшін шектік балл және әр пәннен кемінде 5 балл жинау қажет”, – деді ҚР ҒЖБ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Еске салайық, тамыздағы ҰБТ-ға биылғы және өткен жылдардың мектеп түлектері, колледж түлектері мен шетелдік мектептерде білім алғандар қатыса алады.

Тестілеуге қатысу құны – 4 230 теңге.

Талапкер тамыз айындағы ҰБТ-да басқа бейіндік пәндер комбинациясын таңдай алады. Сонымен қатар тестілеу өтетін орынды, күнді және уақытты да өзі таңдайды.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button