Хабар

Бүгін футболдан Қазақстан кубогының 1/8 финалы өтеді

Бүгін футболдан Қазақстан кубогы 1/8 финалының алғашқы ойыны өткізіледі.

Жарыстың аталған сатысында командалар екі ойыннан өткізеді. Әрбір жұптан жеңімпаз атанған клубтар 1/4 финалға жолдама алады. Қарымта ойын 29 және 30 сәуір күндеріне белгіленген.

Қазақстан кубогы. 1/8 финал. Бірінші кездесу.

15:00. «Каспий» (Ақтау) – «Тұран» (Түркістан)

15:00. «Ақтөбе» – «Атырау»

15:00. «Қызылжар» (Петропавл) – «Жетісу» (Талдықорған)

17:00. «Шахтер» (Қарағанды) – «Оқжетпес» (Көкшетау)

19:00. «Қайрат» (Алматы) – «Ақжайық» (Орал)

19:00. «Тобыл» (Қостанай) – «Ақсу» (Павлодар облысы)

21:00. «Ордабасы» (Шымкент) – «Мақтарал» (Түркістан облысы)

21:00. «Астана» – «Қайсар» (Қызылорда)

Ал 17 мамыр мен 7 маусым күндері 1/4 финал ойналса, 28 маусым мен 8 шілдеде жартылай финал болады.
Финал 4 қарашада өтеді деп жоспарланып отыр.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button