Хабар

БҒМ соңғы қоңырауды өткізудің ережесін еске салды

БҒМ соңғы қоңырауды өткізудің ережесін еске салды.

“Республиканың барлық жалпы білім беретін мектебінде соңғы қоңырау мерекесін бір мезгілде өткізу жоспарланып отыр”, – делінген БҒМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Оған мектептің педагогикалық ұжымы, түлектер және олардың ата-аналары, педагогикалық еңбек ардагерлері, қамқоршылық кеңес мүшелері, демеуші ұйымдардың, Білім және ғылым министрлігі мен облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары білім басқармаларының өкілдері, білім бөлімдері, мүдделі мемлекеттік органдар және т.б. қатыса алады.

Мектеп бітіру кешін білім беру ұйымы өзі ұйымдастырып, өткізуі керек.

Рұқсат етілмейді:

  • аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, әртістерді, мерекелік іс-шараларды өткізу үшін ақылы жеке студияларды тартуға;
  • мерекелік дастархандар жаюға;
  • жалға берілетін автокөліктерді тарта отырып, қала (аудан) бойынша экскурсиялар өткізуге;
  • мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге сыйлықтар алу үшін қаражат жинауға;
  • ойын-сауық мекемелерінде бітіру кештерін ұйымдастыруға.

Қазақстанның барлық мектебінде «Соңғы қоңырау» мерекесі 2022 жылғы 25 мамырда өтетінін еске сала кетейік. Ал аттестатты салтанатты түрде тапсыру рәсімі 2022 жылғы 16-17 маусымда өтеді.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Проверьте также
Close
Back to top button