
Бұқар жырау аудандық ауруханасы заманауи медициналық техникамен жарақталды
Ботақара аудандық ауруханасы заманауи медициналық техникамен жабдықталды

Бұқар жырау ауданының Ботақара кентіндегі аудандық аурухана облыстық бюджет есебінен жаңа медициналық құрылғылармен толықты. Бұл техника ауруларды дәл анықтап, сапалы ем жүргізуге жол ашады.
Негізгі жаңалықтардың бірі – флюорография функциясы бар мобильді рентген жүйесі. Бұрын тек стационар жағдайында қолданылатын ескі құрылғының орнына алынған бұл кешен қозғалысы шектеулі науқастарға да диагностика жүргізуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар аурухана заманауи ЛОР-комбайнмен жабдықталды. Ол бейнежүйе, вакуумды сорғыш, жарықтандыру және шаю функцияларымен қамтамасыз етілген. Бұл құлақ, мұрын, тамақ ауруларын тиімді диагностикалауға жол ашады.
Реанимация бөліміне өкпені жасанды желдету аппараты мен жүрек соғысын, қысымды, температураны бақылауға арналған пациент мониторы алынды.
Операциялық бөлім жаңа наркоз-тыныс алу аппараты және қауіпсіздік талаптарына сай әмбебап үстелмен жабдықталды.
Жаңартылған құрылғылар аурухананың емдік-диагностикалық мүмкіндіктерін едәуір арттырды.




