Бүгіннен бастап автоХҚКО-лар жұмысын бастайды

Бүгіннен бастап елімізде, үш өңірді қоспағанда, автокөлік иелеріне мемлекеттік қызметтер көрсететін мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істей бастайды.

Жұмыс кестесі – сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (дүйсенбі-жұма аралығында).

Әзірге Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облыстарының автоХҚКО-лары ғана ашылмайды.

Аталған өңірлерде автоқызметтердің қайта көрсетіле бастағаны туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады.

«Автоқызметтер – сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің бірі. Қазір мамандандырылған ХҚКО-лар қайта іске қосылады, біз клиенттердің онда көптеп келетінін болжап отырмыз. Сондықтан бұл жағдайға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын. Сондай-ақ автокөлікті Kaspi және Halyk Homebank банк қосымшалары арқылы қайта ресімдеуге болатынын еске саламын. АвтоХҚКО-ларда кезек тудырмау үшін осы сервистерді пайдалануға кеңес беремін», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасы Әділ Қожықов.

Мамандандырылған ХҚКО ғимаратына кіру Ashyq қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты клиенттер санитарлық қауіпсіздік ережелерін сақтауы тиіс – әлеуметтік қашықтықты сақтап, бетперде тағуы керек.

Автор: Корреспондент

Читайте также

Күн тағы суыта ма? Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 10-12 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Болжам бойынша, Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.