Понедельник, 24.01.2022

Бүгін — халықаралық темекіден бас тарту күні

Шылым шегуден бас тартудың халықаралық күні қараша айының үшінші бейсенбісінде атап өтіледі.

Оны 1977 жылы Америкалық онкология қоғамы бекіткен.

Мақсаты — темекі шегудің таралуын азайту, халыққа адам денсаулығына темекінің зияны туралы ақпарат беру.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, темекі шегудың нәтижесінде пайда болған аурулардан жыл сайын жер бетінде шамамен 7 млн тұрғын қайтыс болады.

Қазақстанда 15 және одан жоғары жастағы темекі шегушілер шамамен 1/3 бөлігін құрайды.

Егер бұл зиянды әдет ер адамдарға тән деп есептелген болса, соңғы уақытта әйелдер арасында темекі шегудің таралу әдеті байқалуда.

«Темекі түтіні тыныс алу жолдары, жүрек-қантамыр, ас қорыту және орталық нерв жүйесінің ағзалары ауруларының дамуына әсер ететіндігі белгілі. Темекі шегушілерді «домен пешпен» салыстырады, себебі темекінің қызу температурасы 10 мың градус, ал жану температурасы 3 мың градус. Бұл бронхының қорғаныш жыбырлақ эпителиясының күюіне әкеледі. Коронавирус инфекциясының пандемиясы кезінде бұл одан да үлкен қауіп төндіреді және зақымданған жағдайда ауыру ағымының ауырлығына әсер етеді», — дейді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ күндізгі стационарының терапевт дәрігері Гауһар Қожакеева.

Темекі шегуден бас тартудың пайдасы қандай?

— 20 минуттан кейін артериялық қан қысым мен жүрек соғысы бастапқы деңгейге қайта келеді;
— 8 сағаттан кейін – қандағы көміртегі тотығының деңгейі жартылай азаяды, оттегі деңгейі біртіндеп қалыпқа келеді;
— 48 сағаттан кейін – жүрек ұстамасының қаупі азаяды;
— 72 сағаттан кейін – өкпедегі бронхиолалар босаңсиды;
— 2 аптадан кейін – қан айналымы күшейеді;
— 3-9 айдан кейін – өкпенің көлемі ұлғаяды, жөтел, сырыл және тыныс алумен болатын басқа проблемалар жойылады;
— 1 жылдан кейін– жүрек ұстамасының даму қаупі 50%-ға азаяды;
— 5-15 жылдан кейін инфаркт пен инсульттің даму қаупі ешқашан темекі шекпейтін адаммен бірдей болады.

«Бұл мәліметтер темекі шегуден бас тарту адам денсаулығына, сәйкесінше өмір сүру ұзақтығына әсер ететіндігін көрсетеді. Бұл жағдайда қаржы мәселесі де маңызды, бірнеше жыл темекі шеккен адам темекі өнімдеріне жіберген шығындарын спорт залына, бассейн, демалыс және тағы басқаға жұмсаса, оның адамға пайдасы мейлінше тиімді болар еді. Темекі шегетін адамның тәжірибесіне, күніне қанша темекі шегуіне қарамастан, темекіні тастауы өзіне де, оның айналасындағыларға да үлкен пайда әкеледі. Темекіні тастау арқылы Сіз өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығын сақтап қаласыз»,— дейді дәрігер.

Автор: Корреспондент

Читайте также

Онлайн, қашықтан оқыту, көктемгі каникул: БҒМ маңызды сұрақтарға жауап берді

Бүгін «БҒМ LIVE» жобасында Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары Сапура Төлекова үшінші …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *