Бүгін бүкіл ел аумағында азаматтық қорғау органдарының дабыл жүйесі тексеріледі

Елімізде азаматтық қорғау органдарының құлақтандыру жүйесі тексеріледі. Бұл жұмыстар құлақтандыру жабдығын әзірлікте ұстауға және халықты ықтимал төтенше жағдайлардан қорғауға бағытталған.

21 желтоқсанда сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізу жоспарланған.

Төтенше жағдайлар туралы халықты құлақтандыру және хабардар ету — тұрғындарды табиғи құбылыстардың әртүрлі факторларының әсерінен болатын апаттың немесе жойқын әсердің теріс салдарынан қорғауға мүмкіндік беретін негізгі қауіпсіздік шарасы.

Құлақтандыру жүйесін тексеру барысында электр дабылдарын және сиреналық-сөйлеу құрылғыларын (дауыс зорайтқыштарды) қысқа мерзімге қосу, сондай-ақ теледидар және радиоарналарының эфирі арқылы хабарлау, интернет-ресурстары мен мобильді қосымшаларда ақпаратты орналастыру жоспарланған.

«Баршаның назарына!!!» дыбыстық сигналы — қауіп төнген немесе төтенше жағдай туындаған кезде барлық шұғыл хабарламаларды берудің алдында халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту дабылы.

Дыбыстық сигналды естіген кезде теледидарлар мен радиоқабылдағыштарды қосу керек.

Интернет ресурстардағы және мобильді қосымшалардағы ақпараттарды апат туындаған жағдайда одан әрі әрекет ету туралы нұсқаулар алу үшін оқып шығу керек.

Сонымен қатар, қауіпті өндірістік объектілер мен гидротехникалық құрылыстардағы жергілікті құлақтандыру жүйелерінің жарамдылығы тексеріледі.

Құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізу құлақтандыру жабдығын әзірлікте ұстауға және халықты ықтимал төтенше жағдайлардан қорғауға бағытталған.

Автор: Корреспондент

Читайте также

Какой будет погода в Казахстане 26 мая

Погода на территории Казахстана на четверг, 26 мая. В Нур-Султане переменная облачность, днём дождь, ветер …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.