Ахмет Байтұрсынұлының туған ауылында музей-үй салынады

Құрылыс жұмыстары күзге дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.

Жыл басында жергілікті халық тойдан естелік болып қалатын музей-үй салынып, ауылға жол тартылса деген тілек айтты. Қазір осы жаңа үйді салуға құрылыс жұмыстарына конкурс өткізіп жатырмыз, деп мәлімдеді Қостанай облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов.

«Жуырда мердігер анықталып, жаңа музей-үйдің құрылысы басталады. Бұл қаңырап тұрған бос үй болмайды. Ішінде жабдықтар, Ахмет атамыздың өмірі мен туған жеріне байланысты естеліктерден хабардар беретін дүниелер қойылады», – деді Ерлан Қалмақов.

Басқарма басшысы құрылыс жұмыстарының қыркүйек айына дейін аяқталатынын бөлісті. Мұнымен қатар, ол Ахмет Байтұрсынұлының туған үйінің бұзылуына қатысты пікір білдірді.

«Бір нәрсені анықтап алуымыз керек. Бұл Ахмет Байтұрсынұлының дәл туған үйі емес. Ол туралы тарихи нақтыланған ақпарат та жоқ. 2009 жылы Сарытүбек қонысындағы ескі үйлердің негізінде «Шамамен осы Ахметтің үйі болуы керек-ау» деген көпшіліктің ықыласымен көтерген үй. Ол үй ауылдың әкімі және тұрғындардың көмегімен салынған», – деп түсіндірді Ерлан Қалмақов.

Автор: Корреспондент

Читайте также

Жарты жылда Қазақстаннан 12 мыңнан астам адам көшіп кетті

Ұлттық статистика бюросының жаңарған деректеріне қарағанда, 2022 жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстанға 7287 адам келсе, елден …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.