Новости

Аулаға сән, көңілге шаттық сыйлаған экобастама

2025 жылдың 23 сәуірінде Саран қаласындағы №17 мектепте республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында ерекше экологиялық іс-шара өткізілді. Мектеп ауласында гүлдер отырғызу акциясына оқушылар, ұстаздар, білім бөлімі өкілдері мен қала қонақтары қатысты. Шараға 100-ге жуық адам қатысты, олар түрлі-түсті петуния гүлдері мен қайын ағаштарын отырғызып, мектеп ауласын сәндеді. Гүлдер балалар алаңы мен аллея бойына орналастырылып, аумақ көркейе түсті.

№17 мектеп директоры Никита Валерьевич Максименконың айтуынша, бұл гүл отырғызу акциясы мектепте 5 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Әр жыл сайын, петуния гүлдерінен басқа, емен, қарағай, қара тал және арша сияқты ағаштар да отырғызылады. Мектеп директоры балаларға табиғатқа деген сүйіспеншілікті, қоршаған ортаға жанашыр болуды үйрету осы шараның басты мақсаты екенін айтты.

«Гүл отырғызу — бұл тек мектеп ауласын абаттандыру емес, сонымен қатар балаларға экология мен тазалықтың маңызын түсіндірудің тамаша тәсілі», — деп атап өтті ол.

Шара барысында петуния гүлінің таңдалу себебі де түсіндірілд петунияның қарапайым күтімді қажет ететін, көздің жауын алатын және жаз бойы аулаға ерекше сән беретін гүл екенін атап өтті. Бұл гүлдер табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыруға көмектесетін оңай күтіммен танымал.
Көктемгі гүл отырғызу дәстүрі биылда өз жалғасын тапқан. Қаладағы барлық мектептер осы шараға қатысып, оқушылар өз алаңдарына гүл егіп, қаланың көркін ашуға атсалысты. Бактыбев Арман Болатұлының айтуынша, ең үлкен жылыжай №17 гимназияда орналасқан, сонымен қатар тағы 7 мектепте шағын жылыжайлар бар. Болашақта қаржылық мүмкіндік туындаса, қалада үлкен жылыжай салу жоспарланып отыр, онда барлық гүлдер өсірілетін болады. . Мен осы қалаға келген күннен бастап, жылыжайларда гүл отырғызып, оқушылар арасында экологиялық челлендж ұйымдастыруды қолға алдық. Басты мақсат — оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін оятып, экологиялық мәдениетін қалыптастыру», — деп мәлімдеді ол.
Арман Болатұлының өзі биолог болғандықтан, экологиялық шараларды ұйымдастыруға ерекше ықыласпен қолға алған. Оның айтуынша, болашақта жылыжайларда тигровая лилия, петуния сынды сәндік гүлдерден бөлек, тағы басқа гүл түрлері отырғызу жоспарлап отыр.
Бұл шараның жыл сайынғы ұйымдастырылуы Саран қаласының көктемгі сәнін кіргізіп қана қоймай, оқушыларды табиғатты қорғауға тәрбиелеуде ерекше рөл атқарады.
— деді ол.

Іс-шара барысында оқушыларға экологиялық мәдениет, табиғатты аялау және өз ортасын таза ұстаудың маңызы түсіндірілді. Ұйымдастырушылар отырғызылған гүлдерге оқушылар мен ұстаздар бірігіп күтім жасайтынын атап өтті . Акция соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, алдағы уақытта да табиғатты қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастыруды уағдаласты .

Статьи по теме

Back to top button