Без рубрики

Астролог, нумеролог болжамы: 2022 қандай жыл болады?

2021 жыл қазақстандықтар үшін қызығы мен қиындығы қатар жүрген жыл болды. Енді жаңа 2022 жылдан бастап қандай оң өзгерістер болады? Барыс жылынан не күтеміз? Осы сияқты сұрақтардың жауабын мамандардан сұрап білдік.

Алдағы 2022 жыл Шығыс күнтізбесі бойынша Қара су жолбарысы жылы. Мамандар оның жарқын оқиғалар мен тағдырдың күрт бұрылыстарына толы болатынын айтады. Барыс қыңыр, қауіптен қорықпайды және тәуекелге баруға дайын. Су элементі жануарды жұмсартады және тыныштандырады. Барыс өз қамқорлығын батыл әрекет ететін, өзгеруге дайын және өз өмірі үшін жауапкершілікті өз мойнына алатындарға береді.

Астрология: Жыл кімге сәтті болады?

Астропсихолог Инга Лозанчич Мәскеу ресейлік БАҚ-қа 2022 жыл әсіресе жұлдызнамадағы су және өрт белгілерінің өкілдері үшін сәтті болатынын айтты.

Маманның айтуынша, 2022 жылы бұл адамдардың өмірін жақсы жаққа өзгертуге мүмкіндік туады. Ең бастысы, тартынбай және өзгерістерді қарсы алу қажет.

Юпитер – кеңею, прогресс планетасы. 2021 жылдың 29 желтоқсанында ол 2022 жылдың 10 мамырына дейін Балықтар белгісіне енеді. Балықтар белгісінің әрбір өкілі көкжиектерін, дүниетанымын, серіктестіктерін кеңейтуге мүмкіндік алады. Өзгерістер әртүрлі болуы мүмкін: кәсіби өсу, географиялық қозғалыс немесе адамға көбірек сенімділік, өзін-өзі қамтамасыз ету.

Астропсихологтің сөзінше, Шаян мен Сарышаяндардың да жолы сәтті болады. Жалпы келер жыл барлық су белгісі үшін ерекше болады.

2022 жылдың 10 мамырынан қазан айының соңына дейін Юпитер Тоқты белгісін ерекше атап өтуге болады. Сондықтан наурыз айында туылған Тоқтылар да оның пайдалы жағын сезінеді. 2022 жылдың көктемі 26, 27 және 28 наурызда дүниеге келген Тоқты үшін ең қолайлы болады. Күзде де 21 және 22 наурызда туылғандардың жолы болады. Сондай-ақ 2022 жылдың күзінде белгінің ең басында туылған Тоқты үшін және белгінің ең аяғында орналасқан Балықтар үшін өте маңызды кезең болады. Оны жіберіп алмаған дұрыс. Бірақ оны байқамай қалу да мүмкін емес деп ойлаймын, – деп түсіндіреді ол.

Маман Арыстан мен Мергенге де Юпитер мейірімді болатынын болжады.

Астропсихологтың айтуынша, 2022 жылдың алғашқы айлары Тауешкі үшін сәтті болады.

2022 жылдың 19 желтоқсаны мен 29 қаңтары аралығында Венера ретроградтық бағытта жүреді. Осы уақыттың барлығында және 6 наурызға дейін ол Тауешкі белгісінде болады, – деп түсіндірді сарапшы.

Лозанчичтің пайымдауынша, осы кезеңде Венера Плутонмен бірге болатындықтан, көптеген Тауешкі өмір мен серігі туралы ойлап, ал олар бұрыннан бар болса, қарым-қатынасты тереңдетуге нақты мүмкіндік алады, деп түсіндіреді.

2021 жылдың 19 желтоқсанынан 2022 жылдың 29 қаңтарына дейінгі кезең жаңа таныстар үшін өте қолайлы емес, бірақ ескі қарым-қатынастар жаңа деңгейге ауыса алады.

Нумерология: Барыс жылында үнемі қозғалыста болу керек

Чакролог-нумеролог, арт-терапевт Жадыра Медетбаева да барыс жылы табысты жыл болатынын айтады.

2021 сиыр жылы болды. Сиыр жылында көп жұмыс істеп, еңбектендік. Яғни көп еңбек етсек, табыс көп болатын жыл болды. Шығыс күнтізбесі бойынша келесі жылы – су барысы жылы. Яғни бұл су проблемасының өзекті болатынын көрсетеді, – дейді маман.

Барыс ауыртпалығы да, жақсылығы да аралас жыл деп есептеледі.

Бастысы барыс ол қандай аң? Ол мықты, тез, шапшаң аң. Одан бөлек, барыс өзіне ұнамаған дүниеге тез тап береді. Сол сияқты осы жылы адамдар да барыс сияқты агрессияға жылдам бой алдыруы мүмкін. Сол себепті адамдар осы жағымсыз әсерді көрсетпес үшін өз ісіне жауап беріп, айтар сөзін ойланып білдіргені абзал, – деп айтты Жадыра Медетбаева.

Сарапшы атап өткендей, ептілік, шапшаңдық, жылдамдық барыстың жақсы қасиеттерінің бірі. Бұл алдағы жылда адамға өте қажетті қасиеттер. Яғни барыс жылының тенденциясы – үнемі қозғалыста болып, белсенділік таныту, спортпен шұғылдану. Адамдар спортзалға бармаса да, үй жағдайында спортпен шұғылдана алады. Осыдан барыстың қозғалысты жақсы көретінін байқауға болады. Яғни адам қозғалыста болып, үнемі өзгерістерді басынан өткеріп отырса, жыл да табысты, берекелі болады.

Ал артқа тартынып, жетістікке жету үшін әрекет етпесеңіз, онда жыл да кері әсерін көрсетуі мүмкін. Яғни денсаулықтан сыр беріп, түрлі сынақтардан өтуіңіз мүмкін.

2022 жылы онлайн формат мәселесі өте өзекті болып қала береді. Бұрынғыдай дәстүрлі форматтың маңыздылығы жоғары болмайды. Онлайн мамандықтар өзекті болады. Барыс жылы баспа жұмысымен айналысатындар жылы. Мысалы, осы жылы көп кітап жарық көруі мүмкін. Барыс жылында адамдарға қауымдастық құрамында болғаны дұрыс. Яғни жалғыз жүрмей, топпен бірге қозғалған дұрыс. 2022 жылы 2021 жылға қарағанда саяхат жасауға жол ашылады. Десе де, вакцинация, паспорт мәселелері өзекті болып қала береді. Осы жылы медициналық туризм қарқынды дамиды, – дейді нумеролог.

Маман келесі жылы су проблемасы күшейе түсетінін айтты. Жалпы адам мүмкіндігінше судан өзін қорғап жүруі керек.

Одан бөлек, сумен жұмыс істейтін адам денесінің мүшелері (бауыр, бүйрек, қуық, т.б) суға әлсіз болады. Сол үшін денсаулыққа мән беру қажет.

2022 жылы қайталама нарықтағы пәтерлерді сатып алған дұрыс болады. Себебі мұндай үйлердің бағасы тиімдірек болады. Яғни пайда табу үшін қайталама нарықтан немесе өте ескі ғимараттан пәтер алуға болады. Барыс жылында әлемнің көп елінде Үкімет өзгеруі мүмкін. Бұрын ел көзіне түспей жүрген адамдар өз орындарын тауып, жұлдыздары жарқырауы мүмкін, – деп пікірін білдірді ол.

2022 жылдағы 2+0+2+2 сандарының қосындысынан 6 саны шығады. Нумерология бойынша бұл махаббат пен отбасы жылы. 2022 жылы екі жұптың өз қарым-қатынастарына мән беретін жылы.

Осы жылы отбасында шешілмеген мәселе, өкпе-реніш болса, онда мүмкіндігінше оны шешіп, татуласу қажет. Жылдың табысты болуы үшін гармонияда болу қажет, – деп сөзін қорытындылады нумеролог Жадыра Медетбаева.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button