Понедельник, 5.12.2022

Астана-Қарағанды трассасына дейінгі аралықтағы А62 көшесінде қозғалыс ашылады

12 қарашада А91 көшесінен Астана-Қарағанды тасжолына дейінгі аралықта орналасқан А62 көшесіндегі қозғалыс ашылады. Бұл туралы novoetv.kz елорда әкімдігінің Facebook-тегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

«12 қараша, сенбі күні А91 көшесінен Астана-Қарағанды тасжолына дейінгі аралықты қамтитын А62 көшесіндегі қозғалыс ашылады. Бұл көше Қарағанды тасжолы, «Нұрлы Жол» вокзалы және қаланың сол жағалауы арасындағы көлік қатынасын қамтамасыз етеді. Осылайша, Нәжімеденов, Байтұрсынов көшелеріндегі көлік ағыны азаяды, транзиттік көліктердің бір бөлігі Қошқарбаев, Абылайхан даңғылдары мен Айнакөл және Қобда көшелері арқылы өтеді», — делінген әкімдіктің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған хабарламада.

А62 көшесі негізінен 8 жолақты. Дегенмен бүгінгі таңда бұл көшедегі жөндеу жұмыстардың бір бөлігі ғана аяқталған. Сондықтан әзірге 4 жолақ бойынша қозғалыс ашылады. Әкімдік мәліметінше, қалған 4 жолақты іске қосу жұмыстары көктемде жалғасады.

Автор: Корреспондент

Читайте также

Демограф: Қазақстанда алдағы уақытта бала туу көрсеткіші төмендейді

Маман мұның бірнеше себебін атады. Демограф Бәтжан Ақмолдина Айқын басылымына берген сұхбатында Қазақстанда алдағы уақытта …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.