Хабар

«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорынында тағы да апат болды

«АрселорМиттал Теміртауда» ЖЭО-да газ құбыры опырылып қалды. Оқиға 18 қаңтар күні таңертең орын алды.

ЖЭО аумағында диаметрі 2200 мм болатын тікелей коксты газ құбыры опырылып қалған. Ұзындығы 20 метр болатындай бөлік зақымдалды. «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Алдын хабарлағанымыздай, 2022 жылдың 22 желтоқсанында «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы аванстық төлемдердің көлемін төмендеткені үшін оған 1,3 миллиард теңге айыппұл салынған еді.

Бұған дейін, 14 желтоқсанда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының келісімшарттық міндеттемелері қайта қаралатынын хабарлады.

Еске салсақ, өткен жылы 8 желтоқсанда «АрселорМиттал Теміртауда» апат болып, 1 адам көз жұмған еді.

Ал 28 қарашада «АрселорМиттал Теміртаудың» өндіріс мекемесінде апат болды. Сонымен қатар 3 қарашада «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Ленин шахтасында апат болып, 5 кенші қаза тапты.

ТЖ фактісі бойынша бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының жұмысы тоқтауы мүмкін екені айтылуда.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button