Хабар

All Inclusive – Қарағанды облысында жастарға арналған оқыту марафондары өтуде

Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы мүмкіндігі шектеулі жастардың цифрлық дағдылары мен soft-skills қалыптастыру бойынша All Inclusive оқыту марафонын өткізеді.

«Жобаның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жастарды әлеуметтендіруге және жұмысқа орналастыруға көмек көрсету. Жоба барысында soft-skills оқыту, цифрлық сауаттылықтың негізгі дағдыларын қалыптастыру және электрондық мемлекеттік қызметтерді пайдалану, цифрлық кәсіптермен танысу, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы хабардар болуды арттыру бойынша 10 күндік қарқынды оқыту өткізу жоспарланған. Оқу аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар беріледі және Қарағанды қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының жұмысқа орналастыру жөніндегі кеңесшілерімен кездесулер ұйымдастырылады», – деді облыстың ЖРО-да.

Жобаның серіктестері «Шаг» Компьютерлік академиясы, «Терриконовая долина» білім беру IT-hub, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ» КҚ, сондай-ақ психологтар Ақниет Диханбай мен Елена Сергованцева болды.

Сондай-ақ, Жастар ресурстық орталығы жоғары курс студенттері үшін «МЕН РЕСУРСТАМЫН» марафонын ұйымдастырды. Ол кәсіби қалыптасу және өзін-өзі анықтау кезеңінде 18 – 21 жас аралығындағы жастармен жұмыс жасауға бағытталған.

«Қазірдің өзінде «Шекаралар мен Адамдар» атты бір сабақ өткізілді. Қарағанды облысының ЖОО студенттері қатысты. Келесі сабақтар 14 және 21 сәуірде өтеді. Марафонға 8-707-445-15-92 (Салтанат) телефоны арқылы жазылуға болады», – деп хабарлады ЖРО.

Қарағанды облысының әкімдігі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button