Алдағы үш күнде елдің басым бөлігінде 29 градусқа дейін аяз түседі

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанда алдағы үш күнде 20-29 градусқа дейін аяз болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» орталығының баспасөз қызметі.

Синоптиктердің мәліметінше, Самара аудандарынан жылжыған циклон жырасымен республиканың басым бөлігінде қар жауады деп болжануда, батыс және оңтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар) түрінде, 25 қарашада солтүстікте, 26 қарашада шығыста қатты қар жаууы ықтимал.

«Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, солтүстік, шығыс, орталықта бұрқасын болады деп күтілуде. Кезеңнің соңында Салехард аудандарынан солтүстік суық антициклонның енуімен республиканың көп бөлігінде жауын-шашын тоқтап, солтүстік, шығыс және орталықта ауа температурасы түнде және күндіз 20-29 аязға дейін күрт төмендейді деп болжануда» делінген хабарламада.

Автор: Корреспондент

Читайте также

Зейнетақы жинағын пайдалану: 2023 жылға ең төменгі жеткіліктілік шегі белгіленді

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы қаражатын мерзімінен бұрын пайдаланудың 2023 жылға ең төмен жеткіліктілік шегін …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.