Хабар

Алаңдауға негіз жоқ – Энергетика министрлігі авиаотын мәселесі туралы

ҚР Энергетика министрлігі авиаотынмен қамтамасыз ету жұмыстары жөнінде тағы да мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ведомство авиаотын қорларының болуын жіті бақылап отыр және қазіргі уақытта әуе қатынасының бұзылу қаупі жоқ. Мұны ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетіндегі әріптестер де растап отыр. Сонымен қатар, елорда әуежайы хабарлағандай, ресейлік отын жеткізушілер Қазақстанға жеткізуден бас тартты. Бұл ретте көрші елден индикативтік теңгерімге сәйкес 300 мың тоннаға дейін авиакеросин импортталуы мүмкін. Іс жүзінде 9 айда Ресейден 55 мың тонна ғана әкелінді», – деді ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз хатшысы Әйгерім Оразалиева.

Оның айтуынша, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-қа жақын арада қосымша 2 мың тонна авиаотын өндіру тапсырылған, оның бір бөлігі Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына да бөлінетін болады. Ірі жеткізушілердің бірі Астана әуежайына тағы 700 тонна жеткізуді қамтамасыз етуге дайын.

«Қарашаға келісімшарттар 1-2 күн ішінде жасалады. Министрлік мұнай өңдеу зауыттарына авиакеросинді жөнелтуді жеделдетуді тапсырды.Авиаотынға қатысты жағдай белгілі бір шаралар мен шешімдерді талап ететінін тағы да атап өткім келеді, бірақ жағдай тым күрделі деп айтуға келмейді және Энергетика министрлігі керосин қалдықтарының күрт төмендеуіне жол бермеу үшін оны дамытудың барлық сценарийлерін пысықтауда», – дейді Ә. Оразалиева.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы авиажанармай тапшылығынан әуежайдың үздіксіз жұмысы тоқтауы мүмкін деп дабыл қаққан болатын.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button